Су шаруашылығын жаңғыртуға ₸228 млрд бөлінеді
Қазақстанда су шаруашылығын жаңғыртуға алдағы үш жылда 228 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл – бұған дейінгі үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Негізгі қаражат ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталады. Қазір мұндай технологиялар 543 мың гектардан астам алқапта қолданылып жатыр. Соның арқасында былтыр 874 млн текше метрге жуық су үнемделген. Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін былтыр жаңа Су кодексі күшіне енді. Құжатта өзен-көлдерді қорғау талаптары күшейтіліп, су қорын жоспарлау мен басқарудың жаңа тәртібі белгіленді. Су саясатының нәтижесі Солтүстік Аралдан да байқалады. Сырдариядағы су қоймаларының жұмыс режимін келісудің арқасында теңізге су тұрақты түсіп, соңғы үш жылда оның көлемі 18,4-тен 23,5 текше шақырымға дейін өсті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы