Басты Жаңалықтар Қызылордалық диқандар күріш ора бастады

Қызылордалық диқандар күріш ора бастады

Қызылорда облысында күріш алқабына алғашқы орақ түсті.

Биыл өңірде 70 мың гектарға дақыл егілген болатын. Шаруашылықтар су үнемдеу технологияларын кеңінен қолданды. Жалпы ауыл еңбеккерлерінің ала жаздай маңдай тер еңбегі ақталып, күріш алқаптары биыл бітік шықты. Енді күзгі-жиын терім науқанында қамбаны дәнге толтыруды көзделіп отыр. 

Нұрлан Іздібаев, шаруашылық төрағасы:

Егіс алқабына орақ түсіп осы 2026 жылдың егінін төкпей-шашпай жинап аламыз деген межеміз бар. Және одан жоғары көрсеткіштерге жетіп жақсы өнім жинаймыз деген жоспарымыз да бар.
Дала төсінде күріш институтының мамандары аймақ шаруаларына күріштің жаңа сорттарын таныстырып, озық ауылшаруашылығы технологияларын көрсетті. Бүгінде диқандар көбіне күріштің лидер, янтарь тұқымдарын егеді. Жергілікті ғалымдар алдағы уақытта тез пісетін «Сыр сұлуы», «Дарын» сорттарын күтіп-баптау тиімді екенін айтып, шаруаларға тәжірибеден өткізуге кеңес берді.


Бөлісу