Павлодар облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған 8 мың адам жазаланды
Қауіпсіздік белдігін тағудан қашқақтайтын ең көп жүргізушілер Павлодар облысында екен. Статистика тілімен айтсақ, биылғы жылдың 8 айында 8 мыңға жуық адам жазаланған. Оларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қызығы сол, бірі белдік көлікті басқаруға бөгет, денені қысып, қимылды шектейді десе, енді бірі ұмытып кеттім деп ақталған. Естеріңізге сала кетейік, белдікті тақпаған жолаушы үшін де жүргізуші жазаланады.
Себебі елімізде жол қозғалысы ережесіне қауіпсіздік белдігін үнемі тағып жүру
талабы көліктегі адамдарды жазатайым жағдайлардан сақтап қалу үшін енгізілді. Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде жарақаттану және
өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді. Бұл дәлелденген дерек. Полиция мәліметіне сүйенсек, солай бола тұра Павлодарда ереже
бұзушылар азаймай келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы