Басты Жаңалықтар Оралда Сот ісіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейеді

Оралда Сот ісіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейеді

Оралда сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселесі талқыланды.

Басқосуда құқық қорғау органдарының өкілдері өз тәжірибесімен бөлісіп, түйінді жайттарды қаузады. Құқық қорғау органдарының басшылары мен тіл жанашырлары бас қосқан конференцияда құқықтық құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы әзірлеу, заң терминологиясын біріздендіру және мамандардың кәсіби тілдік деңгейін арттыру жайы баяндалды. Қатысушылар мемлекеттік тілдегі электрондық құжат айналымын жетілдіру жайына да екпін түсірді. Бұл бағыттағы жүйелі  жұмыстар азаматтарға сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етпек. Конференция соңында мемлекеттік тілдің мерейін үстем ғып жүрген сот саласының өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер марапатталды.

Досжан Әмір, Қазақстан судьялар одағының төрағасы:

30-бап, 14-бап Азаматтық істер, 737-бап Әкімшілік құқықбұзушылықтарда нақты көрсетіліп отыр. «ҚР-да қылмыстық іс, әкімшілік құқықбұзушылық істер мемлекеттік тілде жүргізіледі» делінген. Бүгінгі күні сіз бен біз заңның үстемдік құруын қамтамасыз етеміз десек, кеудеміздегі жүрегіміз қазақ боп, қанымыз қазақ болатын болса, заңды басшылыққа ала отырып, ертеңнен бастап, осы екі санаттағы істі 100% мемлекеттік тілде қарауға болады.


Бөлісу