«Тас дәуірінен тартылған жебе» көшпенділер ойынында таныстырылды
«Тас дәуірінен тартылған жебе». Осындай атаумен
садақ ату өнерінің тарихы мен бүгінінен сыр шертететін электронды жинақ жарық
көрді. Бұл еңбекті Дәстүрлі садақ ату федерациясы мен Ұлттық музей ғалымдары
бірлесе дайындаған. Кітапта көне дәуірден бастау алатын садақ өнерінің
эволюциясы кезең-кезеңімен көрсетілген. Мұнда садақтың жасалу технологиясы,
түрлері, қолданылу ерекшеліктері сынды мазмұнды, дәйекті ақпарат көп. Әрбір
мәлімет тарихи ресми деректерге, дәлірек айтсақ 141 әдебиетке сүйене отырып
жазылған. Садақ ату тарихын зерделеп болған соң, ұлттық спорттың бүгініне яғни
оның ережелері, төрешілерді жасақтау, басты және қосалқы төрешіні тағайындау,
аккредитация алу, аппеляцияға беру тәртіптері де тәптіштеп түсіндірілген.
Электронды жинақ Қырғыз елінде өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында
таныстырылды. Кітап қазақ тілімен қатар ағылшын тіліне де аударылған. Бұл
ұлттық мұраны шетелдік зерттеушілер мен оқырмандарға таныстыруға мүмкіндік
беретін қадам.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы