Үкімет құрамы толық жасақталды
Үкімет құрамы толық жасақталды. Негізгі құрам өз орнында қалды. Төрт министр жаңадан тағайындалды. Сыртқы істер министрі – Мұхтар Тілеуберді. Ол 2023 жылға дейін де осы лауазымда болған. Одан кейін Қазақстанның Австриядағы Елшісі болды. Араға үш жыл салып, қайта Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Төтенше жағдайлар министрі – Мұрат Мұханов. Ол бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды. Ал Сыртқы істер министрінің орынбасары болған Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
Мәдениет және ақпарат министрі – Арман Қырықбаев. Ол бұл лауазымнан бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы