Басты Жаңалықтар Үкімет құрамы жаңарды

Үкімет құрамы жаңарды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына,  Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-Министр орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына, Қанат Бозымбаев Премьер-Министр орынбасары, Серік Жұманғарин Премьер-Министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Жаслан Мәдиев Премьер-Министр орынбасары-Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Мәди Такиев Қаржы министрі, Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі, Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі, Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі, Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі, Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі, Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі, Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Аталған лауазымды тұлғалар бұл қызметті бұған дейін де атқарған. Қызметтерін ары қарай да жалғастыра береді. Ал Төтенше жағдайлар министрі болып Мұрат Мұханов жаңадан тағайындалды. Ол 2026 жылға дейін Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған. 2026 жылдың маусым айынан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды. Ал Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып жаңадан тағайындалды. Ол бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.


Бөлісу