Бүгін - қазақы тазы күні
Бүгін елімізде алғаш рет қазақы тазы күні атап өтіледі. Мақсат – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жеті қазынаның бірі саналатын тұқымды сақтау және оны кеңінен насихаттау. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазыға ерекше мән беру жайында әңгіме қозғағаны есте. Ал осыдан тура бір жыл бұрын қазақы тазы тұқымын ұлттық бренд әрі мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі ретінде халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауды тапсырды. Содан кейін 3 қыркүйек мереке ретінде бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысы 28 сәуірден бастап күшіне енді. Айтулы күннің маңызы туралы Президент кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров та өз телеграмында жазды.
Айбек Смадияров, ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров:
Бүгінде құмай тазыларымыз әлемдік ірі көрмелерде жүлделі орындар алып жүр. Асыл тұқымды итті көбейту қарқын алып, тазы асыраушылар қатары артып келеді. Қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын.
Тарихи мұрамыз бен ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу, табиғатты аялау Ата Заңымызда құндылықтар ретінде айқындалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы