«Ертіс орманы» резерватына кіру енді ақылы болмақ
«Ертіс орманы» резерваты аумағында жаңа бақылау-өткізу бекеті жұмысын бастады. Енді жасыл аймаққа кіру ақылы болмақ. Ал қарағайлы орманға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары тиісті тіркеу құжатын көрсеткен жағдайда тегін кіре алады. Биыл резерватқа Ресей, Өзбекстан және Норвегиядан туристер келген. Сондықтан алғаш рет туризмді дамытумен айналысатын кәсіпкерлерге жер телімдері беріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, «Ертіс орманы» резерватының аумағы 118 мың гектарға жуық. Оның 90 мың гектарын қарағайлы орман жауып тұр.
Мария Кондратьева, «Ертіс орманы» табиғи резерватының туризм бөлімінің маманы:
Бізде резерватқа кіретін екі негізгі бағыт бар. Оның бірі - Садықащы ауылы бағытындағы жол, екіншісі - Жаңауыл ауылындағы Бауыртал орманшылығы арқылы өтеді. Ақылы кіру заңмен бекітілген тарифтерге сәйкес болады. Түскен қаражат резерватты қорғауға, сондай-ақ санитарлық тазалық жұмыстарын, аумақты тазалап, табиғи ортаның таза болуын қамтамасыз етуге жаратылады.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14