Қостанай облысында интернет алаяқтыққа қатысты 800-ге жуық дерек тіркелген
Қостанай облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтыққа қатысты 800-ге жуық дерек тіркелген. Шығын көлемі 1,7 млрд теңгеден асты. Алаяқтар көбіне банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болып қоңырау шалып, азаматтардың сеніміне кірген. Кейін оларды қомақты несие алуға, тіпті баспанасын сатуға көндіреді. Мұндай айла-шарғыға әсіресе зейнет жасындағы азаматтар жиі алданады. Сондықтан құқық қорғау органдары тұрғындарды бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерін бермеуге, күмәнді нұсқауларды орындамауға және әлеуметтік желі арқылы тауар сатып алғанда барынша сақ болуға шақырады.
Бекназар Майленов, облыстық Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
Президент өз кітабында «Заң мен тәртіп» – әділетті қоғамның басты қағидаты деп көрсеткен. Яғни Қостанай облысы бойынша қазіргі таңда интернет-алаяқтық желісі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, қандай да бір азамат егер де ұзақ мерзім бойы, алаяқтармен ұзақ сөйлесіп жатса, бізге тікелей хабарлама түседі. Сол арада адамды анықтап, барып, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04