Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ-тың соққысынан иранда 5 адам қаза тапты

АҚШ әскері Иранға соңғы тәулікте тағы соққы берді. Одан Сирик қаласы маңындағы елді мекенде өткен үйлену тойында 5 адам қаза тауып, 50 тұрғын  жараланған. АҚШ күштері Иранның радар жүйесін, әуе қорғанысы қондырғыларын, теңіздегі активтерін, мина қойғыш құралдары мен байланыс техникасын нысанаға алған. Ал Тегеран АҚШ-тың Ирактағы, Иорданиядағы, Бахрейндегі базаларын атқылап, бірнеше адамды мерт қылғанын мәлімдеді.

ЖЭС маңынан жарылғыш зат табылды

Германияның Бранденбург жерінде жылу электр станциясы маңынан бірнеше жарылғыш зат табылды. Ел билігі мұны шабуыл жасау әрекеті деп атады. Оның мақсаты елде электр қуатын жаппай өшіру болуы мүмкін. Бұған кімдер жауапты екені белгісіз.

500-ден астам оқушы тағамнан уланды

Индонезияның Шығыс Ява аймағында 500-ден астам оқушы тағамнан уланып, ауруханаға түсті. Олар үкіметтің тегін тамақтандыру бағдарламасы аясында берілген асты жеген. Тамыздан бері осы бағдарламамен байланысты тағамнан уланудың 37 600 дерегі тіркелді.

250 күн бойы теңізде жүзген әскери кеме рекорд орнатты

АҚШ-тың «Авраам Линкольн» кемесі теңізде ешқандай портқа аялдамастан 250 күн бойы жүзіп, Таиландқа жетті. Бортында 5 мыңға жуық әскери қызметкер болған кеме осылайша рекорд орнатып отыр. Ұзақ сапардан кейін экипаж мүшелері 5 күн демалып, күш жинайды.  

Бөлісу