Басты Жаңалықтар Баспананы табиғи апаттан міндетті сақтандыру жобасы әзірленді

Баспананы табиғи апаттан міндетті сақтандыру жобасы әзірленді

Қазақстанда тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін. Қазір жоба дайындалып жатыр. Жаңа жүйе алдымен үш өңірде пилоттық режимде іске қосылып, кейін өзге өңірлерде енгізу жоспарланған. Алдын ала ақпарат бойынша, үй иелері жыл сайын шамамен 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін сақтандыру жарнасын төлейді. Ал жер сілкінісі, су тасқыны немесе табиғи өрт салдарынан баспана бүлінсе, өтемақы қарастырылған. Жоба бойынша сақтандыру жағдайы расталғаннан кейін бес күн ішінде төлем жасау ұсынылып отыр. Алғашқы кезеңде төлем көлемі төленген жарнаның 500 еселенген мөлшері болады, яғни жылына 2 мың теңге төлеген азаматқа 1 миллион теңгеге дейін, ал 20 мың теңге төлеген адамға 10 миллион теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. Қазіргі таңда бұл бастама заңнамалық деңгейде пысықталып жатыр. Құжат қабылданған жағдайда тұрғын үйлерді табиғи апаттардан сақтандыру жүйесі 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бөлісу