Басты Жаңалықтар Пәтер жалдағанда депозит төлеу міндетті ме?

Пәтер жалдағанда депозит төлеу міндетті ме?

Қыркүйек сайын студенттер үшін сабақпен бірге баспана мәселесі де басталады. Жатақханадан орын таппаған жастардың жалға баспана іздеп, жанталасатыны белгілі. Пәтер құнынан бөлек депозит деген дүние бар. Ол да қалтаға салмақ. Ал заңда бұл мәселе қарастырылған баСтуденттер тұрғылықты жер іздегенде тағы қандай тәуекелдерге тап болуы мүмкін?

«Вокзал. Пойыз.
Келген межем – бас қала. 
Арман қуып жеттік мұнда, 
Әйтсе де, басымда жоқ басыбайлы баспана...»

Осынау қара өлең жолдары  қара жолды тауысып, елордаға ентелеп жеткен елдің жадағай жай-күйін тәуір сипаттайды. Астанада аялдайтын үй табудың жолы көп. Десе де машақаты да соған пара-пар.

Жалпыалып шаһарлардағы ахуал осы. Мәселен, елорда да бір бөлмелі пәтердің бағасы орналасқан ауданы мен үйдің жағдайына қарай шамамен 150 мыңнан басталып, 220300 мың теңгеге дейін жетеді.  Оқу жылы қарсаңында сұраныс тіпті артады.

Меруерт Сәрсенбекова,  жылжымайтын мүлік маманы:

Астана қаласында жылдан-жылға жалдамалы пәтерге сұраныс көбейіп жатыр. Әртүрлі фактор әсер етеді. Мысалы, былтырғы статистиканы қарайтын болсақ, 13 пайыздан 30 пайызға дейін өскен, кейбір айда. Ол қыркүйек, ақпан айында. Бағаның өсуіне басқа мемлекеттен, басқа өңірден көшіп келген адамдар да әсер етеді.

Ал депозитке қатысты заңда нақты бекітілген норма жоқ. Оның мөлшері мен шарттары нарықтық қағидаттарға негізделеді. Үй иесі мен жалға алушының өзара ортақ шешімі келісімшартта көрсетіледі. Сондықтан пәтерге кірген бетте барлығын фото-видеоға түсіріп алу керек, дейді мамандар.

Нұрлан Жаңабаев, заңгер:

Келісімшартта депозиттің қандай жағдайда ұсталып қалатыны да нақты жазылуы керек. Мысалы, жиһаз немесе тұрмыстық техника бүлінсе, оның құны депозит есебінен ұсталады. Ал егер жалдау мерзімі аяқталған кезде ешқандай зиян келтірілмесе, коммуналдық төлемдер мен жалдау ақысы толық өтелсе, депозит  қайтарылады. Сондықтан үйді қабылдап алу және тапсыру актісін рәсімдеген жөн. Мысалы, әйнектердің бүтін екені, есіктердің жағдайы, тіпті жарық шамдарының қанша болғанына дейін жазған дұрыс.

Түсінгеніміздей, депозит міндетті емес, ерікті төлем. Екі тараптың келісімімен ғана берілетін кепіл қаражаты. Сондықтан соңынан дау туындамас үшін алдын-ала барлығын анықтап алған жөндейді заңгер. Құжат сөйлейтін заманда қолыңызда  нақты дәлел болса, ешқашан ұтылмайсыз.

Бөлісу