Басты Жаңалықтар Жамбыл облысы: Ауылдағы 25 көшенің әлі күнге атауы жоқ

Жамбыл облысы: Ауылдағы 25 көшенің әлі күнге атауы жоқ

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылына баратындар мекен жай таппай, машақатқа түседі. Өйткені ауылдағы 25 көшеге 19 жылдан бері бірде-бір атау берілмеген.

Салдарынан ауылға жеткен жедел жәрдем ауырған адамды таба алмай сарсаңға түседі. Төрт алқаптан тұратын үлкен ауылда 15 мыңға тарта тұрғын бар. Оның екі алқабындағы көшелердің әлі күнге атауы жоқ.  Ал картада көрсетілген 25 көшеде 300-ден аса үй бар.  Ауыл жұрты көшелерге атау беріп, мекен жай мәселесін шұғыл шешіп беруді сұрайды.  

Әбдіхан Бекішов, Бурыл ауылының тұрғыны:

Такси бұл жаққа 10 мың теңге берсең де келмейді. Ал енді жедел жәрдем шақырсың, іздеп-іздеп таппайды да кетіп қалады. Мына жерде көшенің аты жоқ.

Әкімдік те мәселенің созбалаңға салынғанын мойындайды. Атау беруге қатысты дау осыдан 18 жыл бұрын басталған. Сол кездегі әкімдер жер телімдерін заңсыз саудаға салып, 4 адам істі болыпты. Сөйтіп көшелер атаусыз қала берген. Енді жыл соңына дейін үйлерге тақтайшалар үлестіреміз деп отыр.  

Ерлан Әшірбеков, Бурыл ауылының әкімі:

Олардың біз аншлагын дайындап, өздерімен жиналыс өткізіп, қандай көше атаулары болуы керек екенін ол кісілермен ақылдасып, соны біз ономастикадан өткізіп, қазіргі таңда ол дайын тұр. Нақты жаңа жылға дейін атауын береміз.


Бөлісу