Қызылорда сауда орындарынан қауіпті ойыншықтар анықталды
Қызылордада сауда орындарындағы кейбір ойыншықтар талапқа сай болмай шықты. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті мамандары жыл басынан бері 38 сынаманы сараптамадан өткізген.
Шет елдерде өндірілген түрлі ойыншықтарға ұлттық сараптама орталығы филиалының зертханасында химиялық және таксикологиялық зерделеу жүргізілген. Тексеру барысында бала денсаулығы үшін аса зиянды заттар тіркелмеген. Дегенмен 28 сынама бойынша техникалық талапқа сай еместігі анықталды.
Ерлан Ұзақбаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Осы анықталған сәйкессіздіктер бойынша сатушыларға сатылымнан алып тастау туралы аумақтық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің жедел ден қою шаралары берілді және толық орындалды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15