Басты Жаңалықтар Қарағандыда авиациялық орталық ашылды

Қарағандыда авиациялық орталық ашылды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында алғашқы авиациялық орталық ашылды. Мұнда дрондар мен ұшқышсыз аппараттар операторлары даярланады. Қазір ұшу аппараттары түрлі салада кеңінен қолданылып, мамандарға сұраныс артып келеді. Дрондар аумақтарды зерттеу, нысандарды бақылау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және өнеркәсіп салаларында тиімді пайдаланылып жатыр. Ал төтенше жағдай кезінде ұшқышсыз аппараттар жетуі қиын жерлерді жедел тексеріп, адамдарды іздеуге көмектеседі. Жаңа орталықта мамандарға теориялық біліммен қатар, практикалық дағдылар да үйретіледі. Оқу бағдарламасы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, дрондарды кәсіби басқаруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, бұл бағытта білікті кадрларға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді.

Антон Миронов, Drone school оқу орталығының жетекшісі:

Дрон технологиялары соңғы жылдары қатты дамып, күнделікті жұмысымызға ене бастады. Қазір олар көптеген салада кеңінен қолданылады. Әсіресе күштік құрылымдар, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке білікті мамандар қажет. Сондықтан осы бағытта кәсіби кадрлар даярлау маңызды.  


Бөлісу