Жолдауда жүктелген міндет: 217 мектеп, 655 медициналық мекеме салынды
Елде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті іске асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа форматтағы мектеп бой көтерді. Жаңа білім ордаларының ашылуы 54 үш ауысымды және 12 апатты мектептің мәселесін толық шешуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар 100-ден астам білім ордасында оқушы орындарының тапшылығы қысқарды. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге де айрықша көңіл бөлінді. Ауыл-аймақта 655 аурухана мен медициналық пункт салынды. Бұған шамамен 119 миллиард теңге жұмсалды. Жаңа нысандар қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп жатыр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04