Алматыда 1-сыныпқа бес егіз қатар барды
Бүгін – білім күні. Елдегі 8 мыңнан аса білім ордасы есігін айқара ашты. 380 мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Оның 33 мыңы Алматыда. №59 мектеп-гимназиясында ерекше оқиға. Бес егіз 1-ші сыныпқа қабылданды. Білім ордасында бұған дейін егіз балалар оқығанымен, бір жылда бес егіздің келуі алғаш рет тіркеліп отыр.
Алғашқы қоңырау, жаңа мектеп, жаңа достар. Бес егіз үшін бүгін балалық шақтың ең маңызды белестерінің бірі басталды. Олар Білім күніне таң атпай дайындалып, мектепке асыққан. Ал ата-аналары үшін бұл – толқынысы мен қуанышы қатар келген ерекше күн. Алғашқы қоңырауды бірге соққан балақайлар алдымен алғашқы ұстазымен танысты.
- Қош келдіңдер құрметті кіп-кішкентай менің балапандарым. Алғаш басқан қадамдарың құтты болсын!
Алтын ұя мектебім,Армандарым көп менің,Атқарамын деп келдім,Асыл ана мектебім.
Биыл Алматы қаласында жаңа оқу жылын 356 мың оқушы бастады. Оның 33 мыңы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр. Жаңа оқу жылында қалада жалпы сыйымдылығы 11 мыңнан асатын 8 жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы