Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар 896 шақырым жол салына бастады
Ақтөбе облысында жол саласында ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Тек биылдың өзінде республикалық маңыздағы 896 шақырым жол салына бастады. Олардың ішінде «Ұлғайсын-Сексеуіл», «Бейнеу-Сексеуіл», «Астана-Ырғыз» және «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» жобалары бар. Ал облыс орталығынан Ресей федерациясы шекарасына дейінгі автожол құрылысы алдағы екі ай ішінде толық аяқталады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қазір біз «Ақтөбе-Орск» тас жолында тұрмыз. Мұнда да қызу жұмыс жүріп жатыр. Жаңа жол өңірдің туристік әлеуетін арттырады. Өйткені қарғалы ауданы әсем табиғатымен, туристік нысандарымен танымал.
Бұл жолдың жалпы ұзындығы 120 шақырым. Оның негізгі бөлігі былтыр салынды. Ал,
соңғы бөлігінде асфальт-бетон жабындысы төселіп жатыр. Қазір мұнда 75 техника, 50-ден аса маман жүр. Жөндеу жұмыстары
алдағы қазан айында толық аяқталуы тиіс.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, мердігер
компания өкілі:
Төменгі қабатын салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жерде жалпы ұзындығы 24 км.Екі слой асфальт салынады, крупный зернистый 7 см және мелький 6 см. Екі жағында обочинасы қарастырылған. Суағарлар, трубалардың 23 жерін ауыстырамыз.
Өңірдегі ең ауқымды жобаның бірі 262 шақырымдық «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» тас
жолы. Құрылысы 7 учаскеге бөлінген. Оның алғашқысында жұмыс екі жыл бұрын
басталды. Қазір мұнда мыңнан аса маман мен 700 техника жұмыс істеп жатыр.
Жобаның ерекшелігі – 4 жолақты жол бір-бірімен жанаспайды. Яғни қауіпсіздікке
ерекше мән берілген. Құрылыс жұмыстары 2029-ыншы жылы аяқталады.
Ринат Оразғалиев, «Қазавтожол» ҰҚ
облыстық филиалы директорының орынбасары:
Қазіргі кезде барлық 7 учаскеде мердігерлер анықтау жұмыстары толығымен жүріп жатыр. Қазіргі жұмыстар 24 жыы басталған жобада асфальт жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
Ең басты мәселе – жолдың сапасы. Дегенмен мамандар алаңдауға негіз жоқ дейді.
Өйткені жұмыс барысы бақылауда. Оның үстіне құрылысқа жол саласындағы соңғы
әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр.
Амангелді Қазиев, сапа инженері:
Әрине сапа өсіп келеді қазіргі таңда. Біздің орталықтың инженерлері апта сайын әр телімге шығып тексеріп тұрады. Болып жатқан, анықталып жатқан ескертулерді мекемелер уақытылы жойып, жұмыс істеп жатыр.
«Ұлғайсын-Сексеуіл», «Бейнеу-Бозой-Сексеуіл» жолдарының да елеулі бөлігі облыс
аумағымен өтеді. Бұл учаскелерде де жұмыс басталды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалған ақпарат жариялаған азамат жазаланды
01.09.2026, 13:30
Қостанай вокзалын толық жаңартты
01.09.2026, 13:27
«Қазгидромет» ескерту жариялады
01.09.2026, 13:21
Эбола жұқтырғандар 6 мыңнан асты
01.09.2026, 13:18
Непалда мектеп басшысы 900 баланы аман алып қалған
01.09.2026, 13:15
Тәжікстан әлеуметтік желіні шектемек
01.09.2026, 13:12
1 сыныпқа 380 мыңнан аса бала барды
01.09.2026, 13:06
Бішкектегі К.Тоқаев атындағы мектеп – екі ел достығының символы
01.09.2026, 13:03