Непалда мектеп басшысы 900 баланы аман алып қалған
Непалда тасқынға санаулы минуттар қалғанда мектеп директоры 900 баланың өмірін сақтап қалған. Раджендра Давади су ағыны ғимаратты қиратпас бұрын оқушыларды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген. Оған 20 мұғалім көмектесті. Алдымен Раджендра, мектеп өзеннен 3 метр биіктікте тұрғасын қауіп жоқ деп ойлаған. Алайда су деңгейі тоқтамай көтерілгеннен кейін ол мектеп қоңырауын соғып, балаларды сыныптан шығарып, оларды дереу биіктеу жерге апарған. 10 минуттан кейін алапат тасқын мектепті шайып әкетті.
Раджендра Давади, мектеп директоры:
Су жақындап қалғанын естігенде сабақты дереу тоқтатып, қоңырау соғып, белгі бердік. Автобус жүргізушілеріне хабарласып, көлікті мектепке жақындатпай, алысқа тоқтауды тапсырдым. Балаға лық толы автобустардың бірі мектеп аумағына кірген еді. Алайда қауіпсіз жерге кері қайтардым.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15