1-сыныпқа 380 мыңнан аса бала барды
Бүгін еліміздегі барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. Биыл мектепте оқитын оқушылар саны 4 миллионнан асады. Оның 380-мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары.
Бұл - елордағы №81 Astana English school Халықаралық мектебіне қабылданған 1-сынып оқушылары.
Ағылшын тілін терең меңгеруге басымдық берген білім шаңырағында балалардың алғашқы қадамы осылай басталды. Әр бала өзін
болашақ оқушыдай сезініп, білім әлеміне деген қызығушылығын, жауапкершілігін,
дайындығын көрсетті. Жалпы биыл
еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллион бала білім алады. Жаңа оқу
жылында білім беру жүйесінде бірқатар маңызды өзгеріс бар. Негізгі басымдық – баланың қауіпсіздігі, заманауи білім және цифрлық сауаттылық. Оқу бағдарламасына
жаңа курстар енгізіледі. 5-7 сыныптар «Конституция негіздерін», 8-11 сыныптар
«Заң мен тәртіпті», ал 5-11 сынып оқушылары «Жеке қауіпсіздік» бағыттарын
меңгереді.
Индира Әшенова, ата-ана:
Бүгінгі күн барлық отбасы үшін ерекше күн деп ойлаймын. Сондай ерекше күннің бірі біздің отбасымызда да болып жатыр. Кенже қызымыз мектеп табалдырығын аттап, №81 English School мектебіне 1 «С» сыныбына қабылданды. Барлық қазақстандықтарды бүгінгі білім күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17