Басты Жаңалықтар Алматыда автокөлік ұтысының жеңімпазы анықталды

Алматыда автокөлік ұтысының жеңімпазы анықталды

Алматыда бірнеше айға созылған ауқымды акция аяқталды. Кемінде 10 мың теңгеге сауда жасаған тұрғындар бағалы сыйлықтар үшін ұтыс ойынына қатысты. Ал бас жүлде – KIA Soluto көлігі. Дәл осы көлікті қолында бір ғана билеті болған алматылық Айша Рысқұл ұтып алды.

Алматыда бірнеше айға созылған ауқымды акция өз мәресіне жетті. Кемінде 10 мың теңгеге сауда жасаған тұрғындар бағалы сыйлықтар үшін ұтыс ойынына қатысты. Ал бас жүлде – KIA Soluto көлігі. Дәл осы көлікті қолында бір ғана билеті болған алматылық Айша Рысқұл ұтып алды.

AportMallEast-тің алды жексенбі күні адамға лық толды. Жұрттың бәрі наурызда басталған ұтыс ойынының нәтижесін асыға күтіп келген. Басты жүлдені ойнатпас бұрын, ұйымдастырушылар қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынып, ақшалай сыйлықтар мен түрлі техникаларды да сыйға тартты. Жалпы акцияға 10 мыңнан астам адам қатысқан.

Сабыр Амантайұлы, Aport Mall басқарушы директорының орынбасары:

Біздің мақсатымыз – келген қонағымыздың көңіл-күйін көтеру және жақсы сезімдермен қайтару. Сонымен қатар-қайта келіп, сауда жасайтын орынға айналдыру. Aport East ашылғалы бері осындай шараларды өткізіп келе жатырмыз. Бұған дейін екі рет пәтер де ойнаттық.

Ал бұл жолы бақ сынағандардың арманы жаңа KIA Soluto көлігі болды. Билет нөмірлері арқылы бес қатысушы финалға өтті. Олардың әрқайсысына ішінде көлік кілті бар қораптардың бірін таңдау мүмкіндігі берілді. Қайсысының кілті көлікті ашса, жүлде де – сол жандыкі. Бастапқы төрт қатысушы көлікті аша алмады. Кезек соңғы қатысушыға жеткенде, көпшілік демін ішіне тартты. Сол сәтте алматылық Айша Рысқұлдың таңдаған кілті көлікті ашты. Ең қызығы, ол ұтысқа небәрі бір ғана билетпен қатысқан.

Айша Рысқұл, көлік жүлдесінің иегері:

Ұтып аламын деп ойлаған жоқпын. Бір ғана билетпен қатыстым. Жаңа қайтайын деп тұрғанбыз. Сосын атымды естіп, өте қатты қобалжып кеттім. Ата-анама беремін. Қасымда анам бар еді. Соған сыйлаймын.

Осылайша наурызда басталған науқан мәресіне жетті. Айта кетейік, ұтысқа қатысушылар Aport Mall East-тегі кез келген дүкеннен, мейрамхана немесе аквапарк, тіпті дәріханадан кемі 10 мың теңгеге сауда жасап, чекті купонға айырбастаған.


Бөлісу