Қызылорда облысында 17 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды
Бүгін Қызылорда облысында 17 мың 700 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу маусымында ең көп оқушыны Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп қабылдаған.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Биыл қаладағы тарихы терең Абай мектебінде 4500-ден астам оқушы білім алады. Сән-салтанатымен алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу маусымы басталып кетті. Ал бірінші сыныпқа биыл 407 бала қабылданып, 15 сынып ашылған. Әрине, бұл демографиялық өсімнің көрсеткіші. Бала санының жылдан жылға көбейуіне байланысты 2023 жылы мектеп ауласынан бастауыш сыныптары үшін қосымша 550 орындық жаңа ғимарат салынған. Мұнда 22 оқу кабинеті, 2 мультимедиа сыныбы бар. Яғни, балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып отыр. Және сабақтан тыс уақытта қосымша үйірмелер де жұмыс істейді.
Абай мектебінің тағы бір ерекшелігі үш тілде тереңдетілген білім беретін арнайы сыныптар бар. Өткен оқу маусымының қорытындысымен 209 түлек жоғары оқу орындарының грантын иеленген. Соның тоғызы шет елде білім алады. Биыл да білім ошағы осы жетістігін ұлғайтып, білім сапасын арттыруды көздейді.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12