Алматыда бес егіз бір мектепке барды
Алматыдағы №59 мектеп-гимназиясы үшін бүгінгі Білім күні ерекше есте қалды. Себебі мектеп табалдырығын алғаш рет бірден бес жұп егіз аттады. Яғни, он бүлдіршін бүгінде бірінші сынып оқушысы атанды.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бүгін бұл балалар үшін ғана емес, олардың ата-аналары мен мектеп ұжымы үшін де ерекше күн. Бірінші сыныпқа барған егіздер алғашқы ұстаздарымен танысып, салтанатты жиында алғашқы қоңырауды кезек-кезек соқты. Бірер минут бұрын ғана Білім күніне арналған салтанатты жиын аяқталды. Дегенмен, мектеп ауласындағы мерекелік көңіл күй әлі де ерекше. Бүгін №59 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылы осындай қызықты әрі есте қаларлық оқиғамен басталып отыр. Ал балалардың бүгінгі әсері мен ата-аналарының қуанышы қандай екенін өздерінен сұрап көрейік.
Балақайлардың алғашқы қадамы құтты болсын дейміз! Жалпы, биыл Алматы қаласында жаңа оқу жылын 356 мың оқушы бастады. Оның 33 мыңы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15