Бүгін елімізде 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш аттады
Бүгін білім күні. 380 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 20 мың балаға көп.
Ағылшын тіліне басымдық берген елордалық №81 мектеп-гимназиясы оқушыларды қабылдады. Мектеп болашаққа бағытталған білім ордаларының бірі. Мұнда оқушылардың ағылшын тілін терең меңгеруіне ерекше басымдық беріледі. Astana English School атауымен танымал білім ошағында заманауи оқыту тәсілдері мен жоғары академиялық талаптар ұштасқан. Жалпы биыл еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллион бала білім алады. Жаңа оқу жылында білім беру жүйесінде бірқатар маңызды өзгеріс бар. Негізгі басымдық – баланың қауіпсіздігі, заманауи білім және цифрлық сауаттылық. Оқу бағдарламасына жаңа курстар енгізіледі. 5-7 сыныптар «Конституция негіздерін», 8-11 сыныптар «Заң мен тәртіпті», ал 5-11 сынып оқушылары «Жеке қауіпсіздік» бағыттарын меңгереді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы