Ақтөбе облысында 90 жыл бұрын салынған вокзал ғимараты жөнделді
Ақтөбе облысында 90 жыл бұрын салынған вокзал жөнделіп, қолданысқа берілді. Алға қаласындағы нысанның сәулеттік келбетіне ерекше мән берілген. Ғимараттың жалпы ауданы 379 шаршы метр. Жөндеу жұмыстары барысында шатыры ауыстырылып, сырты мен іші түгелдей әрленді. Инженерлік желілері жаңартылды. Алға станциясы арқылы Алматы, Астана, Ақтөбе, Маңғыстау, Шымкент, Тараз, Түркістан, Қызылорда және Орал қалаларына баратын 14 пойыз өтеді. Бұл - күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген облыстағы жеті вокзалдың бірі.
Серғали Жайлаубай, Ақтөбе магистральдық желісі бөлімшесі директорының орынбасары:
Фельдшерлік бөлме бар, полиция бөлімі бар. Жақсы жабдықталған, ішінде жолаушылар үшін бар мүмкіндік жасалған. Күту залы 60 адамға арналған, орындығы дайын.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16