Алматыда «Жасыл мектеп» акциясы басталды
Қоқысты сұрыптау, табиғатты қорғау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау. Алматыда бұл әдетті бала кезден қалыптастыруға бағытталған «Жасыл мектеп» акциясы басталды. Жобаға оқушылармен бірге ата-аналар да тартылады. Экологиялық мәдениет тазалықтан басталады, дейді ұйымдастырушылар. Басты мақсат – оқушыларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Сондықтан акция жаңа оқу жылы қарсаңында іске қосылған. Бастама «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Жоба барысында балаларға тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың маңызы түсіндіріледі.
Евгений Мұхамеджанов, «Eco Network» ЖШС директоры:
Қазір бұл бастамаға бей-жай қарамай, бізге қосылып жатқан ата-аналар өте көп. Акцияны әзірге Бостандық ауданында іске қосып жатырмыз. Арнайы мобильді қосымша да жұмыс істеп тұр. Екі жыл бұрын бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы бүгінде ауқымды бастамаға айналды. Бұл бізді қуантады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15