«Мектепке жол» акциясы: 8,5 мың балаға көмек көрсетілді
Астанада «Мектепке жол» акциясы аясында 8 жарым мың балаға көмек көрсетілді. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен кеңсе тауарлары берілді. Игі бастамаға ірі компаниялар демеушілік жасады. Шараны қалалық Білім басқармасы ұйымдастырды.
Жаңа оқу жылына дайындық ата-ана үшін жауапты кезең. Ал әлеуметтік тұрғыдан
осал отбасылар үшін мектепке қажетті заттарды түгендеу қосымша салмақ болуы
мүмкін. Осыны ескерген елордалық білім басқармасы кәсіпкерлермен бірлесіп,
«Мектепке жол» акциясын өткізді.
Хайот Абубакирова, ата-ана:
Менің ұлым 1-сыныпқа бара жатыр, өте қуанышты. Білімге құштарлығы зор. Бұл сөмкені көріп, әрине қуанады. Кішкентай балалар қолданатындай, қуанатындай, мектепке барып мақтанатындай барлық зат бар. Сөмкесі да сондай ыңғайлы, қолайлы.
Сонымен бірге жаңа оқу жылы қарсаңында елорданың бес ауданында мектеп
жәрмеңкелері де ұйымдастырылды. Онда оқу құралдары мен мектепке қажетті
тауарлар қолжетімді бағамен ұсынылды.
Асыл Аманкелдіқызы, қалалық Білім басқармасының бөлім басшысы:
Аз қамтылған отбасылардың балаларын көрек құралдармен қамтамасыз ету мақсатында «Ізгі қолдар» атты акциясы ұйымдастырылды. Бұл акция шеңберінде үлкен, ірі сауда орталықтарына жәшіктер қойылды. Сол жәшікке оқушыларға қажетті құралдар, кеңсе тауарлары, ұсақ-түйек заттар жәшікке салынады. Енді сол жерден алуға болады.
Айта кетейік, биыл Астанада 337 мың бала мектепке барады. Оның 35 мыңға жуығы мектеп
табалдырығын алғаш рет аттайды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «Жасыл мектеп» акциясы басталды
31.08.2026, 17:38
Бішкекте VI Көшпенділер ойыны басталды
31.08.2026, 17:37
«Мерейлі отбасы – 2026»: Атырауда облыстық кезең қорытындыланды
31.08.2026, 17:35
Ғабит Мүсірепов театры халықаралық фестивальден екі жүлде алып қайтты
31.08.2026, 17:34
Ел жаңалықтарына шолу
31.08.2026, 17:32
Студенттерге жатақханадан 7 мыңдай орын беріледі
31.08.2026, 17:27
Өскеменде жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді
31.08.2026, 17:25
Қызылорда облысында кірпіш өндірісі өркендеп келеді
31.08.2026, 17:20