Өскеменде жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Өскеменде жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Бұл нысан Президент тапсырмасынан кейін салына бастаған еді. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге жуық вокзалда жолаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған. Вокзал маңындағы инженерлік коммуникация мен перрон жаңартылып аумағы толық абаттандырылды. Ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін лифт, эскалатор, көтергіш платформа және тактильді навигация да қарастырылған. Бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықталған. Вокзалда күн сайын 2 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіледі. «Өскемен-1» станциясы арқылы Астана, Алматы, Аягөз, Жезқазған, Қарағанды және Достық бағытына жолаушылар тасымалдайтын 12 пойыз қатынайды.
Зәуре Қырықбаева, жолаушы:
Бұрынғы вокзал мұндай емес болатын. Жағдайы нашар болған. Қазір мына вокзалды көріп қуанып тұрмыз.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16