Непалда тасқыннан қаза тапқандар 900-ден асты
Непалда алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 900-ден асты. Ізім-қайым кеткендердің де саны көбейіп, 4200-ден асып отыр. Тасқын кезінде құрылысы аяқталмаған су электр станцияларының туннелдерінде жүздеген жұмысшы қалып қойған. Оларды құтқару операциясы күні-түні жүріп жатыр. Құтқарушылардың жұмысын ауа райының қолайсыздығы қиындатып отыр. Оның үстіне болжамдарға сай, өңірде жаңбыр жаууы ықтимал. Непал мен Тибет шекарасында су тасқыны тамыздың 26-да болды. Гималай тауында мұздық құлап, өзенге топырақ пен тас төгіліп, төмендегі елді мекендерді нөпір су шайып өткен.
Бахата Радж Тхапа, жергілікті тұрғын:
Төрт күн өтті. Ауылымызға баратын жол қалмады, байланыс пен электр қуаты да жоқ. Телефонымыз өшіп жатыр. Ауылдастарымыздың талайы хабарсыз кетті. Оларды не тірі, не өлі табамыз деп осы жерде мәлімет күтіп жүрміз. Кейбір жерлестеріміз туыстарын өздері іздеуге кетті.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15
Data Center: Жобаға $10 млрд инвестиция тартылады
19.10.2026, 17:14