Каспийде катер соғылып, 2 адам қаза тапты
Каспий теңізінің Ақтау қаласы жағындағы жағалауында қайғылы жағдай болды. Жылдам жүретін катер жартасқа соғылып, 2 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 5 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Катермен серуендеу маусымының аяқталуына аз уақыт қалғанда көңіл көтеру үшін басталған сапар осылайша қайғылы жағдаймен аяқталды. Ауруханада барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Ерлан Сұлтанмұратов, Маңғыстау облысы ТЖД ресми өкілі:
Құтқару бортында 7 адам болған, оның 5-і жағаға шығарылып, жедел жәрдемге тапсырылды, ал кеудешесі жоқ 2 адам жағалаудан 500 метр жерден табылды.
Оқиға бойынша қазір тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Катердің жартасқа соғылу себебі мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы анықталуда. Ал ауруханада жатқан науқастардың үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиғаға қатысты тергеу нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады.
Жұлдызай Қалиева, МО көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы:
Оқиға салдарынан зардап шеккен 5 облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер тарапынан қажетті медициналық көмек көрсетілді. 4 науқас дененің бірнеше жерінен жарақат алған, облыстық ауруханаға жатқызылды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10