БҚО-да тасжолдарға асфальт жабындысы төселуде
Мемлекет басшысы былтырғы жолдауында автожолдардың құрылысын жандандыруды тапсырған еді. Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда 100 млрд теңгеге 784 шақырымдық қатқыл табанды жол салынды.
Қазір республикалық жолдарды жөндеу жұмыстары
жалғасып
жатыр. Атап айтқанда, Атырау-Орал және Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы бағытындағы учаскелерде
жалпы ұзындығы 219 шақырым тасжолға асфальт жабындысы төселуде. Бұған ел
қазынасынан 30 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ. Жұртшылық, әсіресе, жол
апаты жиі тіркеліп, жағдайы сын көтермейтін Атырау бағытындағы тасжолдың
тегістеліп жатқанына риза. Сондай-ақ Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы
жолының 17 шақырымы қалпына келтіріледі. Барлық жұмыс күрделілігіне қарай 40
%-дан 86%-ға дейін орындалған. Ал екі жыл бұрын басталған
Подстепное-Теректі-Ресей шекарасы бағытындағы жолдың қайта жаңаруы қарашада
тапсырылуы тиіс.
Амангелді Жұмағалиев, «Қазавтожол»
ҰК» АҚ облыстық филиалы бөлімінің бас маманы:
Бес орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жоба аясында ресайклеу, фризерлеу, асфальтбетон жамылғысының екі қабатын төсеу қаралған, яғни төменгі қабатына ірі түйіршікті асфальтбетон, ал жоғары қабатына ұсақ түйіршікті асфальтбетон төселеді. Сонымен қатар заманауи аялдама бекеттерін орналастыру жұмыстары қарастырылған.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде қазақ мәдениетін дәріптейтін жүзден аса шара өтті
31.08.2026, 13:21
НАСА ғарышқа жаңа телескоп ұшырды
31.08.2026, 13:18
Жапониядағы жауын үш қаланы басып қалды
31.08.2026, 13:15
ШҚО-да адамды аю талап тастаған
31.08.2026, 13:12
Өскеменде 260 орындық балабақша ашылды
31.08.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
31.08.2026, 13:03
«Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім беру басталды
31.08.2026, 13:03
Вице-президент пен Үкімет басшысы тағайындалды
31.08.2026, 13:00