Вице-президент пен Үкімет басшысы тағайындалды
Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды. Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттар Ерлан Қариннің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ал Олжас Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды. Бұл туралы толығырақ тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес айтуға дайын. Нұрсұлтан, сіз тікелей байланыстасыз.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ар ма, әріптес! Иә бүгін, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтайдың екінші отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы вице-президент лауазымына Ерлан Қаринның кандидатурасын ұсынды. Айта кетейік, Вице-президентті Президент тағайындайды. Бірақ оған Құрылтайдың келісімі керек. Қатысып отырған 145 депутаттың 141-і бұл ұсынысты қолдап, дауыс берді. Қарсы шыққандар болмады. Тиісінше Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды. Ерлан Қарин әр жылдары Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Президенттің көмекшісі, Мемлекеттік кеңесші қызметтерін атқарды. Ал осыған дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. Сондай-ақ президент Үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты. Жалпы отырыста кандидатураны 137 депутат жақтады, 7 депутат қалыс қалды. Осылайша Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды. Ол 2024 жылдың ақпанын айынан бастап Премьер министр лауазымын атқарды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде қазақ мәдениетін дәріптейтін жүзден аса шара өтті
31.08.2026, 13:21
НАСА ғарышқа жаңа телескоп ұшырды
31.08.2026, 13:18
Жапониядағы жауын үш қаланы басып қалды
31.08.2026, 13:15
ШҚО-да адамды аю талап тастаған
31.08.2026, 13:12
БҚО-да тасжолдарға асфальт жабындысы төселуде
31.08.2026, 13:09
Өскеменде 260 орындық балабақша ашылды
31.08.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
31.08.2026, 13:03
«Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім беру басталды
31.08.2026, 13:03