Басты Жаңалықтар Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды

Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды. Оның айтуынша, кейінгі кезде Құрылтайдың бірқатар депутатына қатысты үй мәселесі бойынша түрлі алыпқашпа әңгімелер айтылып, оның соңы буллингке ұласуы мүмкін. «Мәдениет және ақпарат министрі ретінде Мемлекет басшысы мәдениет және медиа саласы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін жүйелі түрде шешіп келе жатқанын атап өткім келеді. Алғашқы жылдары журналистерге пәтерлер редакциялар ұсынған тізімдер бойынша берілді. Кейінгі жылдардан бастап бүгінге дейін пәтерлер тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес, меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне ғана беріліп келеді», деп жазды Аида Балаева өзінің фейсбук парақшасында.

Аида Балаева, Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушы:

Әрине, түсінбеушілікке жол бермеу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері мен Құрылтай депутаттары БАҚ өкілдерін қызықтырған мәселелер бойынша мүмкіндігінше қажетті түсініктеме беруге тиіс. Сонымен қатар, кәсіби журналист жұмысының басты өлшемдерінің бірі – журналистік әдепті сақтау. Қудалау, жеке басқа тиісу, айла-шарғы жасау, елең еткізер тақырып үшін әдейі арандату кәсіби журналистке жараспайды.


 


Бөлісу