Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары бір кітапқа жинақталған
Бүгін Астанада жазушылар, қоғам белсенділері, ғалымдар, саясаттанушылар және жастар Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының мазмұны мен онда көтерілген мәселелерді талқылады. Олар Президенттің елдің болашағы, ұлттық құндылықтар, мемлекеттік тіл, жастар тәрбиесі, мәдениет пен руханиятқа қатысты ойларына тоқталды. Саясаттанушылардың пікірінше сиясы кеппеген жинақ әрбір қазақстандықтың үстелінде тұруға лайық. Өйткені кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1994 жылдан бергі әр жылдары айтқан таңдаулы сөздері мен ой-тұжырымдары енгізілген. Сондай-ақ мемлекеттік басқару, заң үстемдігі, білім мен жастар саясаты, цифрландыру, ұлттық құндылықтар, экологиялық мәдениет және «Таза Қазақстан» бастамасы сияқты бағыттар бойынша ойлары топтастырылған. Ел ішінде және халықаралық алаңдарда айтылған негізгі баяндамалары да бар. Жинақ 21 тақырыптық бөлімнен тұрады.
Қайрат Айтбай, саясаттанушы:
Бұл кітап біздің ғалымдарға да, қарапайым қоғамдағыларға да, қарапайым бұқара халыққа да, ІТ технологиясымен айналысып жатқан кәсіпкерлерге де, сонымен қатар жас буындарға да өте орынды шыққан кітап.
Бахтияр Өнербаев, қоғам қайраткері:
21 тақырыптың барлық саладағы, барлық бағыттағы тақырыптар қамтылған. Бәрін жеке жеке бөліп, жіктеп қойған. Ең негізгісі 2019 жылдан бері Президент осы президенттік міндетіне кіріскеннен бастап, әртүрлі форумдарда, жиындарда, оның ішінде Құрылтайда айтылған. Бұл жерде мемлекеттік қызметшілерге де әділетті басқару барлығы көрсетілген. Сондықтан бұл кітап бәрімізге өте құнды кітап деп айтқым келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы