Өңірде биыл 20 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді
Қарағанды облысында биыл 20 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді.
Жалпы ел бойынша былтыр 115 миллион тонна көмір өндірілген. Ал қара алтынның жалпы қоры 33 миллиардтан асады. Көмір өндірісі әлі де ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі болып қала береді. Мұның барлығы қауіпті жұмысты, қалыпты өміріне айналдырған кеншілердің арқасы.
Еркебұлан Жұмағұлов, кенші:
Ең бірінші менің атам Тентек шахтасында істеді. 40 жыл істеп, пенсияға шығып кеткен. Одан кейін мен ізін жалғап шахта Казақстанскаяда 20 жыл істеп отырмын. Одан кейін інім 14 жыл істеді. Балам 2 жылдай істеп отыр.
Жұмағұловтар династиясының жалпы жұмыс өтілі 2 ғасырға жуықтады. Қазір әулеттің 5 баласы әр түрлі шахтада еңбек етіп келеді. Ең жасы 21-де. Өңірде мұндай отбасылар көп. Сондықтан да Қарағанды шаһары ел аузында Кеншілер қаласы аталып кеткен. Қазір мұнда 22 мыңға жуық кенші еңбек етеді.
Ерлан Жұмағұлов, кенші:
Біздің әулетімізде ағам, мен және інім бар. Бағы басқа шахталарда інілерім жұмыс істейді. Бәрімізді қосқанда бесеуміз. Менің қызметім көмірді шабу. Шауып болғаннан кейін қадағалаймыз. Бір адам қадағалаймыз, үшеуі жұмыс істейді.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06