Әйел курьерлерді қолдауға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады
Елімізде қиын немесе дағдарысты жағдайға тап болған әйел курьерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады. Қолдау аясында әйелдерге құқықтық және қаржылық сауатын арттыру, мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы ақпарат беру және қажетті әлеуметтік қызметтерді алуға жәрдемдесу көзделген. Бұдан бөлек, құқықтық, психологиялық және гуманитарлық көмек көрсету де қарастырылған. Жобаға арнайы сервистер арқылы тапсырыс орындайтын, кемінде төрт апта жұмыс істеген әйелдер қатыса алады. Көмек әр адамның жағдайы мен отбасы қажеттілігіне қарай жеке белгіленеді.
Толқын Саметова, «Іскер» қолдау орталығы қоғамдық қорының директоры:
Министрдің қолдауымен сондай-ақ яндекс компаниясы, іскер қолдау орталығы, үкіметтік емес ұйыммен қойған меморандумымыздың басты мақсаты курерь әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл танымы мол бағдарлама болып саналады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37