Ауыл мектебіне 34 миллион теңге грант берілді
Қызылорда облысындағы ұстаздар қауымы толағай табыспен жаңа оқу жылына қадам басты. Аймақтағы түлектер биыл ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша елімізде үздіктер қатарынан көрінді. Бұл көрсеткішті Мемлекет басшысы айрықша атап өтіп, педагогтардың жұмысын жоғары бағалады. Облыстық тамыз конференициясында білім саласын дамытудың алдағы мақсат-міндеттері айқындалды.
Биыл өңірде 967 түлек «Алтын белгі», 1124 жас «Үздік аттестат» иеленді. Жалпы облыс оқушылары пәндік олимпиадалар мен түрлі білім бәйгелерінде топжарып, жүлдегер атанып жүр. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Сыр өңірі үш жыл қатарынан үздік атанды. Бұл білім саласына деген мемлекеттік қолдаудың, жүйелі жұмыстың жемісі.
Мұрат Ергешбаев, облыс әкімі:
Тамыз кеңесінде балаларды заман талабына сай білім нәрімен сусындатып, шәкірттері жоғары жетістікке жеткен педагогтар сый-құрметке бөленді. Ал Жаңақорған ауданының 286 мектеп-лицейі облыс бойынша «Орта білім беретін үздік ұйым» атанды.
Ләззат Нәлібаева, №286 мектеп-лицейінің директоры:
Осындай биік марапатқа ие болып жатқанымыздың мәнінде үлкен ұстаздардың ерен еңбектері бар деп білеміз. Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз. Білім сапасын әлемдік стандартқа жақындатамыз.
Алдағы оқу маусымында ұстаздардың біліктілігін арттыру, ауыл мектептерін дамытып, білім сапасын жақсартуға және жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу секілді басым бағыттар айқындалды. Тағы бір жағымды жаңалық. Қаланың шет аумағы Әл-Фараби мөлтек ауданында балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы биыл басталмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы