Семей мен ИПР — тағдырлас қалалар
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін Бельгия жұрты жылда атаусыз қалдырмайды. Себебі, елдің Солтүстік-Батысында орналасқан ИПР қаласы да ядролық сынақтың құрбаны. Шаһар басшылығы бүгін еліміздің Бельгиядағы елшілігінің қызметкерлерімен бірге сынақ құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Семей полигонының қасіретіне арналған көрмені тамашалады.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Ипр мен Семей тағдырлас қала. 1915-жылы ИПР-де болған химиялық жарылыстың салдарынан Бельгия әскері қырғидай қырылып, бейбіт халық қатты зардап шекті. Әлемге өзінің тоқыма өнеркәсібімен әйгілі ИПР шаһары жермен-жексен болды. Ядролық сынақтың құрбаны болған қалаға Қазақстан үкіметі 2010-жылы мына ескерткішті сыйға тартқан.
Қара тас қасіреттің, жасыл-өмірдің символы. Күннің ортасынан бейнеленген бес саусақ-адамзаттың әлемдегі бес полигонға қарсылығын айшықтайды. Мағынасы терең монументке қос елдің өкілдері гүл шоқтарын қойып, құрбандардың рухына тағзым етті.
Кэтрин Десомерс, Бельгияның ИПР қаласының мэрі:
Жуан елдер Қазақстан мен Жапония халқының ядролық сынақтан қандай қасірет тартқанын көріп отырса да сынақ жүргізуді тоқтатар емес. Біз Қазақстанмен бірігіп жаһан жұртын ядросыз әлем болуға үндеуді жалғастырамыз.
«Құбыжық бейне, күл-талқаны шыққан елді мекен». Ядролық тажалдың зардабын тартқан қазақтың қасіретін көрмедегі суреттен көргендерде үн жоқ. Қазақстанның неліктен Семей полигонын жауып, әлемді ядролық қарудан азат болуға үндейтінін ұғынды.
Роман Василенко, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі:
Қазақстан, басқа да көптеген елдер сияқты ядролық қарудың ядролық тежеу және мемлекеттік қауіпсіздік тұжырымдамасынан біртіндеп алынып тасталғанын күтеді. Себебі, бүкіл әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең тиімді жолы – дипломатия, бейбіт ынтымақтастық, экономикалық ынтымақтастық және диалог деп есептейміз.
«Атом бомбасы-адамзаттың тұқымын тұздай құртатын тажал қаруы. Осы қатерлі қарудан арылғанда ғана әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады» деген қос елдің өкілдері бейбітшілік жолындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы