Қазақ телевизиясының ардагері Т.Мыңжасар дүниеден өтті
Қазақ телевизиясының ардагері, белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті. 74 жасында өмірден озған журналист жарты ғасырдан аса ғұмырын отандық телевизияға арнады. Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, сол жылы Қазақ телевизиясының балалар мен жасөспірімдер редакциясында еңбек жолын бастады. Кейін ақпарат саласына ауысып, жаңалықтар бөлімінде шыңдалды. «Хабар» агенттігі құрылған күннен бастап осы ұжымда қызмет етіп, 1998 жылдан бастап Алматы облысындағы меншікті тілшісі болды. Ол кейінгі буынға тележурналистиканың қыр-сырын үйретуге де үлес қосты. Биыл оның жаңалық жанрына арналған «Жаһанды жаулаған жанр» атты кітабы жарық көрген. Еңбекте автор ұзақ жылдық тәжірибесі арқылы телевизиядағы ақпаратты дайындаудың ерекшеліктерін тарқатқан.
Қайнар Олжай, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Тілекеңнің теориясының бар мәні жаңағы мен айтқандарды қарапайымдылығында, биязылығында, халыққа жанашырлығында, кеудесін көтермегендігінде, тек қана тілші ретінде ғаламат өзінің типтік стандартын, үлгісін жасап кеткендігінде. Сол үлгіні алса қазіргі журналистер қор болмайды ғой деп ойлаймын. Тілекең туралы әлі айтылар, әлі жазылар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы