Басты Жаңалықтар Құрылтай депутаттары ант берді

Құрылтай депутаттары ант берді

Құрылтайдың алғашқы отырысы депутаттардың ант қабылдау рәсімімен басталды. Жаңа құрам Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елдің Конституциясы мен заңдарын құрметтеуге салтанатты түрде ант берді.

Сондай-ақ Құрылтайдың жаңа басшылығы жасақталды. Мемлекет басшысы жаңа заң шығарушы органның Төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайды ұсынған еді. Жасырын дауыс беру арқылы 145 депутаттың 144-і Арқабайұлының кандидатурасын қолдады. Сонымен бірге төрағаның орынбасарлары да сайланды. Айбек Дәдебай бұл қызметке Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиеваны лайықты деп таныды. Бұл жолы дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар ұсынылған кандидатураларды қолдап,  олар орынбасарлары болып сайланды. Жаңа басшылық Құрылтай қызметін ұйымдастырып, депутаттардың бірлескен жұмысына жетекшілік ететін болады.


Бөлісу