Непалда тасқыннан қаза тапқандар саны 500-ге жуықтады
Непалда алапат су тасқынынан опат болғандар саны 469-ға жетті. 800-ден астам адам жоғалып кеткен. Тибетте 3 адам мерт болғаны мәлім. Ізім-қайым кеткендердің көбі - шетелдік туристер. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған қауіпсіздік күштерінің 13 мыңдай қызметкері тартылған. Ал Непалдың төтенше жағдайлар қызметі Бхоте коши өзені суының деңгейі көтеріліп, ол арнасынан шығуы мүмкін екенін ескертті. Яғни, тағы тасқын болуы мүмкін. Сәрсенбіде болған алапат тасқынға алып мұздықтың өзенге құлауы себеп болған. Сел көшіп, үйлер мен жолдарды қиратты. Айта кетсек, тасқын болған ауданда үнділер мен буддистер пір тұтатын Мансаро вар және Госай кунда көлдері орналасқан. Жыл сайын бұл жерлерге ондаған мың турист сапар шегеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15