Елімізде бензин сапасы тексеріліп жатыр
Елімізде бензин сапасына қатысты тексеріс басталды. Бұған көлік иелерінен түскен 12 шағым себеп болған. Оның тоғызын Астана, екеуін Солтүстік Қазақстаннан, біреуін Павлодар тұрғыны жазған. Жүргізушілер жанармай құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтады. Сауда министрлігі бензинді зауыттан бастап жанармай бекетіне дейін тексеріп жатыр. Мамандар 17 жанармай бекетінен сынама алып, зертханаға жіберді. Тексеру қорытындысы бір апта ішінде белгілі болады. Егер бензиннің талапқа сай емес екені анықталса, оны сатуға тыйым салынып, сапасыз отын айналымнан шығарылады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02
Шығыста қар жауып, жолдар жабылды
21.10.2026, 13:00