Әлем жаңалықтарына шолу
Эбола вирусын жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты
Конго демократиялық республикасында эбола вирусын 5515 адам жұқтырған. Бұл - африкалық мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі. Қауіпті вирустан 2642 адам қаза тапқан. Тағы жүздеген адам індетке шалдықты деген күдікпен карантинге алынды. Осы аптада елге вирусқа қарсы екпенің алғашқы партиясы жеткізілді.
Meta компаниясы 18 млрд доллар төлеуге келісті
Facebook, Instagram мессенджерлеріне иелік ететін Meta корпорациясы америкалық штаттармен уағдаластыққа қол жеткізіп, алдағы 10 жылда соттағы дауды реттеуге 18 миллиард доллар төлеуге келісті. Бұл қаражат жастардың желідегі қауіпсіздігін нығайтуға жұмсалады. Бұған қоса Meta өзінің қосымшаларын жасөспірімдердің қолдануына қатаң шектеу қоюға уәде еткен.
Полицейлер қылмыспен күреске электровелосипед қолдана бастады
Лондон полициясы көше қылмыскерлерімен күресте электровелосипедтерді қолдана бастады. Олар мұндай көлікті әсіресе телефон ұрлаушыларды жолсыз жерде қуып жетіп, ұстап алуға жиі пайдаланып жүр. Электр қуатымен жүретін велосипедттер сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүйітки алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы