МӘМС жүйесіндегі 4 млрд теңге үнемделді
МӘМС-те 4 млрд теңге шамасында негізсіз төлемдер қысқарды. Ал жекеменшік мектептерді қаржыландыруда 8 млрд теңге үнемделді. Үкімет бюджет қаражатын тиімді әрі ашық жұмсауға бағытталған цифрлық бақылау тетіктерін енгізіп жатыр. Антифрод жүйесінің арқасында қаражат нақты адресатқа аударылғанға дейін тексерілетін болды. Сондай-ақ Астанада медициналық қызметтерді цифрлық бақылауға арналған Qalqan платформасы пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазір жүйе 207 клиникада сынақтан өтіп жатыр. Сонымен қатар, цифрлық тексеру барысында білім беру стандарттарына сай келмейтін ғимараттарда орналасқан 145 жекеменшік мектеп анықталды. Осылайша мемлекеттік қаражатты нақты қызмет пен нәтижеге бағыттау жалғасады және бақылауды күшейе түспек.
Қайрат Орунханов, «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы аппаратының басшысы:
Соңғы 5 жылда бұл сектор айтарлықтай өсті. Егер 2020 жылы елімізде 203 жекеменшік мектеп болса, 2025 жылға қарай олардың саны 745 мектепке дейін артты. Мектептер санының өсуімен қатар, мемлекеттік қаржыландыру көлемі де айтарлықтай ұлғайды. Сондықтан ашық жүйеге көшу қажеттілігі туындады.
Бақытжан Абдуллаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Қазіргі таңда 207 медициналық мекемелерде 92 медициналық қызметтің 82-ін қаржыландыру процестері жүріп жатыр. Бұның негізгі мақсаты – тек қана бақылау емес, пациенттің алған, ал дәрігердің инвестициялық көмекті көрсетілгенінің платформа деңгейінде нәтижесін көре аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы