Баспана алу ережесі өзгереді: Жаңа талап қандай?
Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға баспана бөлу тәртібі өзгереді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа бұйрығында әлеуметтік санаттарға басымдық беру тетігі нақтыланған. Қандай өзгеріс бар? Пәтер қалай үлестіріледі? Самал Қабышева рет-ретімен түсіндіреді.
Самал Қабышева, тілші:
Енді үй алатын кезде кезекке тұрған күн ғана емес, отбасының табысы да ескеріледі. Баспана алу тәртібіндегі маңызды өзгерістің бірі осы. Отбасы құрамына қарай табысқа қатысты нақты шарт белгіленген. Бірақ отбасының адам санына қарай талап әртүрлі. Егер азаматтың отбасы мүшелері болмаса, өзі жалғыз болса, оның соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5,5 есесінен аспауы қажет. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге. Осы сумманы 5,5 есеге көбейтсеңіз, 279 680 теңге шығады. Яғни, баспана алу үшін жалғыз басты адамның табысы осы суммадан аспауы керек. Осылайша, тұрғын үй алу кезінде отбасының соңғы алты айдағы табысы есепке алынады. Толық ақпаратты эталондық бақылау банкінің ресми сайтынан таныса аласыздар. Ең басты жаңалық – коммуналдық тұрғын үй қоры мен әкімдік жалдаған тұрғынжайлардың кемінде 20 пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Ал тұрғын үйдің кемінде 50 пайызы әлеуметтік осал санаттарға бағытталады. Тағы бір жаңалық – ауылдық елді мекендердегі бос тұрғын үйлерге өтінішті Отбасы банктің интернет-ресурсы арқылы беруге болады. Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – тұрғын үйді бөлуде әлеуметтік әділдікті күшейтіп, баспанаға шынымен мұқтаж азаматтарға басымдық беру. Ал тұрғын үйді бөлу және шешім қабылдау процесі Отбасы банктің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүргізіледі.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұстаз: Ұлт тәрбиесіне мән беріліп, ұлттық құндылықтардың дәріптеліп жатқанына зор қуаныштымын
27.08.2026, 20:23
Ресейде бабалар рухына тағзым етілді
27.08.2026, 20:19
Қарағанды облысында заманауи жедел басқару орталығы ашылды
27.08.2026, 20:17
Педагогтерді аттестаттау тәртібі өзгереді
27.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
27.08.2026, 20:12
Непалдағы су таcқыны кезінде қазақстандық әйел жоғалып кетті
27.08.2026, 20:10
Зағип жанға тұрақты жұмыс беріледі
27.08.2026, 20:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
27.08.2026, 20:09