Түркістан облысының Келес ауданында экоакция өтті
Түркістан облысының Келес ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, Абай ауылының орталық көшелері мен аулалары қоқыстан тазартылды. Коммуналдық қызмет жұмысшылары мен түрлі мекеме қызметкерлері экологиялық шараға бір кісідей атсалысып, өздеріне бөлінген көшелерді ретке келтірді. Ауданның кіреберіс аймағын, қоғамдық орындар мен сыртқы қоршауларды сырлау, орталық көшелер мен демалыс орындарының айналасын қоқыстан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Сондай-ақ елдімекендердің ішкі көшелері тазартылып, жол жиектері мен саябақтардағы арам шөптер орылды. Қураған ағаштар кесіліп, тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды. Қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған акция апта сайын тұрақты түрде жалғасатын болады.
Сонымен қатар көшеге қоқыс тастау және көшенің бойларында мысалы өзінің ӘҚБК-нің 505 бабына сәкес үйлердің қасбеттерін ретке келтіру және 5 метрге дейін өзінің аумағын таза ұстау бойынша әр ауылдық округте қазіргі таңда 73 рет ескерту берілді. 32 адамға айыппұл салынды жыл басынан бері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы