Қарағанды облысында 22 мыңнан аса кенші еңбек етеді
Қарағанды облысында бүгінде 11 шахта мен 12-ден астам разрезде шамамен 22 мың кенші еңбек етеді. Жалпы Қарағанды көмір бассейнінің тарихы сонау 19 ғасырдан бастау алады. Ал 20 ғасырда қарқынды дамып, ірі көмір өндіру орталықтарының біріне айналды. Содан бері жеті қат жердің астында тынымсыз еңбек етіп келе жатқан кеншілердің жұмысы заман талабына сай өзгеріп, жаңарып келеді. Көмір өндірісі әлі де ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Қазір өңірде 15 кәсіпорын көмір өндірумен айналысады. Барлығына бірдей, басты талап – қауіпсіздік. Өндірістегі қауіпсіздікті арттыру үшін кәсіпорындар заманауи құралдар мен цифрлық технологияларды қолдануда. Технология дамығанымен, бұл мамандықтың жауапкершілігі мен күрделілігі өзгерген жоқ, - дейді кеншілер
Қол жұмысы азайды, бұрынғыдай қайламен жұмыс істейтін күрекпен лақтыратын жұмыс жоқ. Қалай болса да кеншілердің жұмысы қиын. Жас балалар шахтаға келуден қорқып жатады. Бірақ инвестиция салып жатыр кеншілерге соған мен қуанамын. Көмір дейтін байлық бар. Жастарға сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы