Қостанай өңірінде үш жылда 9 мектеп салынған
Қостанай облысында соңғы үш жылда 9 жаңа мектеп салынып, 6 мыңға жуық оқушы замануи білім ошағына ауысты. Оның алтауы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асты. Жаңа білім ошақтары Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларынан бөлек, бірқатар ауыл-аймақта да бой көтерді. Басты мақсат – оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу. Биыл жыл соңына дейін облыс орталығындағы жаңа Береке шағын ауданындағы тағы бір білім нысанының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілуі тиіс.
Анна Лазарева, облыстық білім
басқармасының баспасөз хатшысы:
2024–2025 оқу жылында Қостанай облысында 3 360 орынға арналған 5 жаңа мектеп ашылды. Оның ішінде Заречное ауылында 900, Арқалықта 300 орындық мектеп бар. Қостанай қаласында «Аэропорт» шағын ауданында 900, «Береке» шағын ауданында 1200 орындық білім ошағы пайдалануға берілді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысының Келес ауданында экоакция өтті
27.08.2026, 17:33
Қарағанды облысында 22 мыңнан аса кенші еңбек етеді
27.08.2026, 17:30
Қарағанды облысында тұрмыстық тауар өндірушілер көбейді
27.08.2026, 17:22
ШҚО бюджеттік мекемелері қысқа дайын
27.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
27.08.2026, 17:17
Конгода эболамен ауырғандар күрт көбейді
27.08.2026, 17:15
Непалдағы су тасқыны құрбандары 300-ден асты
27.08.2026, 17:13
Шымкент ауруханаларында агрессияны ЖИ анықтайды
27.08.2026, 17:10