Басты Жаңалықтар ШҚО бюджеттік мекемелері қысқа дайын

ШҚО бюджеттік мекемелері қысқа дайын

Шығыс Қазақстан облысындағы бюджеттік мекемелер қысқа толық дайын. Бүгінге дейін қажетті көмір мен мазут толық тасымалданды. Ал жылыту электр орталықтары мен коммуналдық мекемелерде жөндеу-жаңғырту жұмысының соңғы сатысына келді. Қазір Өскемен мен Риддер қалаларындағы жекелеген қазандықтар мен жылумен жабдықтау нысандарында және Глубокое, Алтай, Күршім, Ұлан және Шемонаиха аудандарында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл өңірдегі коммуналдық инфрақұрылымды жөндеуге  түрлі бюджет көзінен 28 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қаржыға негізінен қазандық пен құбыр жөнделді. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейін 50 пайыздан 46 пайызға дейін төмендеді.Аймақтағы  212 автономды қазандықтың барлығы  дайын. Тек Өскемен қаласында жыл санап жылу тапшылығы артып келеді.

Досжан Ағыбаев, ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
Өскемен қаласында қазіргі таңда 281 гигаколория жылу тапшылығы бар. Оны шешу мәселесінде қазір біз жұмыс жасап тұрған нөмірі екінші қазандықтың кеңейту жұмысын орындап жатырмыз.


Бөлісу